Родина ауылында өрт сөндіру пунктінің салтанатты ашылуы өтті

Родина ауылында өрт сөндіру пунктінің салтанатты ашылуы өтті
Бүгін Родина ауылында «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасы аясында өрт сөндіру пунктінің салтанатты ашылуы өтті. Жаңа нысан ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және өртке қарсы қорғаныс жүйесін нығайтуға бағытталған.
 
Іс-шараға Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Сайранұлы Әрінов және Целиноград ауданының әкімі Сабырғали Дарын Сабырғалиұлы қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа қуаныштарымен құттықтады. Олар бұл нысанның ауылдық аймақтардағы қауіпсіздік деңгейін арттырудағы маңыздылығын атап өтті.
 
Өрт сөндіру пункті заманауи техникамен және қажетті құрал-жабдықтармен толық жабдықталған. Бұл өз кезегінде құтқарушылардың төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету сапасы мен жеделдігін арттыруға мүмкіндік береді.