Интернет-алаяқтықты алдын алу бойынша профилактикалық жұмыс

Интернет-алаяқтықты алдын алу бойынша профилактикалық жұмыс

Бүгін Родина ауылының жалпы білім беретін мектебінде ұстаздар құрамының Родина ауылдық округінің учаскелік инспекторы, полиция капитаны Ернар Абайұлы Жұмабековпен кездесуі өтті.
Іс-шара интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыс шеңберінде "Алаяқтың құрбаны болмау»тақырыбында өтті.

Әңгіме барысында полиция капитаны заманауи интернет-алаяқтық схемалардың негізгі түрлерін егжей-тегжейлі түсіндіріп, дербес деректерді қорғау тәсілдері мен телефонмен байланыс кезіндегі сақтық шаралары туралы айтып берді. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, осындай жағдайлардың алдын алу бойынша практикалық ұсыныстар алды.