1 қыркүйек - Білім күніне орай Родина ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде алғашқы қоңырау соғылды.
“Агрофирма “Родина” ЖШС-нің демеушілігімен барлық табалдырық аттағалы жатқан бүлдіршіндерге қажетті кеңсе жабдықтары бар сөмкелер табысталды. Бұл жүрек тебірентер мейрам тек 1 сынып оқушыларының жадында ғана емес, барша оқушылар мен ұстаздардың, ауылдастардың жадында қалады деп сенеміз, себебі бүгін балаларымыз күрделі жөндеуден өткен мектепте білім алғалы жатыр.
🔸Енді оқушылар заманауи құралдармен жабдықталған аспазхана, тігінхана, шеберхана бөлмелерінде өз дағдыларын жетілдіреді.
🔸Сонымен қатар мектебіміздің балансына жаңа 11 интерактивті тақталары қосылды. Жаңа тақталар күнделікті сабақтарды одан бетер қызықты етіп, оқу процесін оңтайландырады.
Бүгін әр ата-ана, оқушы, ұстаз ризашылыққа толы көңілде, үлкен үмітпен жаңа оқу жылын бастады.
Балаларымыздың болашағын жарқын, қауіпсіз етуге үлкен үлес қосып; сауатты, дені сау, мәдениетті, жан-жақты ұрпақ қалыптастыруға мүмкіндік беретін “Агрофирма “Родина” ЖШС-не зор алғысымызды білдіреміз!