1 маусым - Балаларды қорғау күні

1 маусым - Балаларды қорғау күні
1 маусым күні Родина ауылының МҮ алаңында Балаларды қорғау күніне арналған көңілді және жарқын іс-шара өтті. Родина а., Садовое а. және Зеленый Гай а. мәдениет үйі қызметкерлері балаларға жұмбақтар мен шытырман оқиғаларға толы нағыз қарақшылық қойылымын көрсетті!
 
Жас қатысушылар квесттерге қатысып, көңілді ойындарда бақ сынасты. Әсіресе су тапаншаларымен атысу балаларға көп қуаныш әкелді!
 
Мереке соңында барлық балалар "АФ Родина" ЖШС-нен тәтті сыйлықтар алды. Біздің тұрақты әрі жомарт демеушімізге шын жүректен алғысымызды білдіреміз!