Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа тұжырымдамасы аясында 17 наурыз - Шаңырақ күні деп белгіленген. Бұл күн отбасы құндылықтарын дәріптеуге арналған. Осы мереке қарсаңында Оразақ ауылдық округінің әкімі Шыңғыс Әбітжанұлы жаңа туған нәрестелердің ата-аналарына сыйлық табыстап, өтіп кеткен Халықаралық әйелдер күнімен және келіп жеткен Шаңырақ күнімен құттықтады.