Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғалиұлының Оразақ ауылдық округі тұрғындарымен кездесуі өтті

Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғалиұлының Оразақ ауылдық округі тұрғындарымен кездесуі өтті

2026 жылғы 8 маусымда Оразақ ауылының жалпы білім беретін мектебінде Целиноград ауданының әкімі Сабырғали Дарын Сабырғалиұлының Оразақ ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуі өтті.
Кездесу барысында аудан әкімі тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, көтерілген мәселелерді шешу жолдары жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Ауылдық округ тұрғындары жолдарды жөндеу және салу, ауызсумен қамтамасыз ету, зейнеткерлер үшін тегін автобус қызметін ұйымдастыру мүмкіндігі, жер қатынастары және округ тұрғындарын алаңдататын өзге де өзекті мәселелерді көтерді.
Кездесу аяқталғаннан кейін аудан әкімі Дарын Сабырғалиұлы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.