Раздольное ауылында Нұресіл ауылдық округінің әкімі С.Бегеновтің 2024–2025 жылдарға арналған жылдық есеп беру жиыны өтті

Раздольное ауылында Нұресіл ауылдық округінің әкімі С.Бегеновтің 2024–2025 жылдарға арналған жылдық есеп беру жиыны өтті

 

    2025 жылғы 9 сәуірде сағат 15:00-де Раздольное ауылында Нұресіл ауылдық округінің әкімі С.Бегеновтің 2024–2025 жылдарға арналған жылдық есеп беру жиыны өтті. Жиынға ауыл тұрғындары, округ мамандары мен мекеме өкілдері қатысты.

Кездесу барысында келесі мәселелер қаралды:

  1. Нұресіл ауылдық округінің әкімі С.Бегеновтың жылдық есебі тыңдалды. Әкім округ аумағында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар жөнінде кеңінен баяндады.
  2. Ауылдың абаттандырылуы мен көгалдандырылуы бойынша нақты шаралар ұсынылып, көктемгі тазалық жұмыстарының кестесі талқыланды.
  3. Сиыр мен жылқыны бағатын бақташыларды бекіту мәселесі қаралды. Ауыл тұрғындарының ұсыныстары негізінде жауапты адамдар тағайындалды.
  4. Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға әкім жан-жақты, нақты жауаптар беріп, кейбір мәселелерді жеке бақылауына алатынын жеткізді.

      Жиын жылы әрі іскерлік атмосферада өтті. Тұрғындар әкімнің есебіне қанағаттанып, қойылған сұрақтарға толық жауап алғандарын атап өтті.