2025 жылғы 9 сәуірде сағат 11:00-де Жаңа Жайнақ ауылының Мәдениет үйінде Нұресіл ауылдық округінің әкімі С.Бегеновтің 2024–2025 жылдарға арналған жылдық есеп беру жиыны өтті.
Кездесу барысында әкім ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы жан-жақты мәлімет берді. Сондай-ақ, тұрғындар тарапынан қойылған өзекті сұрақтарға нақты жауаптар мен толық түсініктемелер ұсынылды.
Жиын барысында білім, жол жөндеу, су мәселесі, абаттандыру және басқа да ауыл өміріне қатысты бірқатар маңызды тақырыптар қозғалды. Тұрғындар белсенділік танытып, ұсыныс-пікірлерін ашық білдірді.
Жиын қорытындысы бойынша тұрғындар кездесудің мазмұнына, ашық диалогқа және көтерілген мәселелердің жан-жақты талқыланғанына жоғары баға беріп, ризашылықтарын білдірді. Мұндай кездесулердің ауыл өміріндегі маңызды мәселелерді шешуде үлкен рөл атқаратынын атап өтті.