Бүгін Нұресіл ауылында көктемнің, жаңарудың, бірліктің мерекесі – Наурыз мерекесін ауыл тұрғындары қуанышпен қарсы алып, ән-би билеп, дастархан жайып, Наурыз көже берілді. Ауыл округінің әкімі Бегенов Серікжан Сергеевич қонақтарға арнап ақ тілектерін айтып, ауыл тұрғындарына амандық , береке-бірлік тіледі ! Мерекенің демеушісі ауыл кәсіпкерлері, шаруа қожалықтары мен «Ақтық» Агрофирмасына алғысын білдірді ! Мерекелік іс шара соңында спорттық ойындарға қатысып жүлделі орынға ие болған жеңімпаздар марапатталды, бұл көрермендерге көңілді күй сыйлады. Наурыз бақыт пен амандық әкелсін!