
🌷 Нұресіл ауылында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні аталып өтті
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай ауылымыздың Мәдениет үйінде мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Мерекелік шара барысында ауыл әкімі Бегенов С.С. сөз сөйлеп, ауылымыздың барлық әйелдер қауымын көктемнің шуақты мерекесімен шын жүректен құттықтады. Сондай-ақ, қоғам өміріне белсенді үлес қосып жүрген бірқатар аналар мен нәзік жандыларға алғыс хаттар табысталды.
Әйел – отбасының берекесі, қоғамның тірегі, мейірім мен жылулықтың символы. Сіздердің еңбектеріңіз, төзімдеріңіз бен қамқорлықтарыңыз әрдайым құрметке лайық.
Барша әйелдер қауымына зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақыт пен береке тілейміз! Көктемнің шуақты мерекесі жүректеріңізге қуаныш пен шаттық сыйласын! 💐