Қазақстан халқына қорының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасы аясында мектебіміз заманауи оқу құралдары мен жабдықтармен қамтамасыз етілді.
Бұл игі бастама ауылдық мектептердегі білім сапасын арттыруға, оқушылардың жаңа технологияларды еркін меңгеруіне және мұғалімдердің кәсіби шеберлігін жетілдіруге зор мүмкіндік береді.
🌟 Жобаның арқасында ауыл балалары қала мектептеріндегі заманауи мүмкіндіктерге қол жеткізіп, білім алуда тең жағдайға ие болмақ.
✨ Жаңа жабдықтар – сапалы білімге, биік жетістіктерге және еліміздің дамуына қосылар үлес.
📚 Білімді ұрпақ – жарқын болашақтың кепілі!
#АуылМектебі #ҚазақстанХалқына #СапалыБілім #ЖарқынБолашақ #БілімБерудегіЖаңаМүмкіндіктер