Құқықтық кеңесші (чат-бот)

Құқықтық кеңесші (чат-бот)

 

Ақмола облысының Әділет департаменті ҚР Әділет министрлігі азаматтарға құқықтық көмек көрсету аясында құқықтық кеңесші роботының (чат-бот) іске қосылғанын хабарлайды.

Чат-ботты пайдалану үшін adilet.kz сайтына немесе eup.adilet.gov.kz сайтына кіріп, төменгі сол жақ бұрыштағы роботты басыңыз.

Осыған байланысты қандай да бір құқықтық консультацияны қажет ететін азаматтар көрсетілген виртуалды консультантты онлайн форматта пайдалана алады.

Онлайн форматта құқықтық кеңес алу мүмкіндігі болмаған жағдайда Ақмола облыстық адвокаттар алқасына Көкшетау қ., Тәшенов к-сі, 47/2 мекенжай бойынша сондай-ақ, Ақмола облысының заң консультанттары палатасына Көкшетау қ., Н. Назарбаев даңғылы, 37 мекенжайы бойынша, сондай-ақ Ақмола облысының Әділет департаментіне Көкшетау қ., Н. Назарбаев даңғылы, 37 мекенжайы бойынша; немесе 8 (7162) 25-82-42 телефон нөмірі бойынша жүгінуге болады.