Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулар шеңберінде «Өрт-2025» азаматтық қорғау туралы хабарлау жүйесіне тексеру жүргізу жоспарланған

Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулар шеңберінде «Өрт-2025» азаматтық қорғау туралы хабарлау жүйесіне тексеру жүргізу жоспарланған

 

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары!

📢Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулар шеңберінде «Өрт-2025» азаматтық қорғау туралы хабарлау жүйесіне тексеру жүргізу жоспарланған.

🔉22 мамырда сағат 9:00-ден 9:30-ға дейін дабылдар естіледі. Хабарлау жүйесін тексеру барысында электрдабылдар мен дабылды-сөйлеу құрылғыларын қысқа мерзімді қосу, сондай ақ теледидар және радиоарналардың эфирін ұстап қалуды жүзеге асыру көзделеді. Бұл іс-шара халыққа «Барлығына назар аударыңыз!» бірыңғай құлақтандыру сигналына ден қою тәртібін сіңіру мақсатында өткізіледі.

📌Осыған байланысты, құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары, Ақмола облысының ТЖ Департаменті сигналды тексеру кезінде тыныштықты сақтауды, түрлі қауесеттерге құлақ аспай, дүрбелеңге түспеулеріңізді сұрайды.