Мәншүк Мәметова ауылының әкімі Тимур Сайяфұлы әдеттегідей еріген қар суының деңгейін бақылау үстінде. Жергілікті қоғамдастық мүшесі Болат Баймұханұлымен бірлесіп, ауыл сыртындағы (маңындағы) еріген қар суының деңгейін шолып шықты. Ауыл тұрғыны Б. Баймұханұлының айтуынша еріген қар суының мұндай көп мөлшерде болу жағдайы осыдан 5-6 жыл бұрын болғанын айтып өтті. Алдағы уақытта да көктемгі тасқын жүмыстары, су тасқынын болдырмау және алдын алу шаралары жоспар бойынша жүргізілетінін ауыл әкімі тілге тиек етті. Сұхбат соңында Тимур Сайяфұлы ауыл тұрғындарына үндеу жолдады. Аталмыш үндеу ата аналардың назарына арналды. Яғни ауыл сыртына балаларды жібермеу және оларды қараусыз қалдырмау керек екенін баса айтты.