Наурыз мейрамы

Наурыз мейрамы

Жыл өткен сайын Наурыз мейрамы елімізді мекендеген бүкіл халықтың, ұлт пен ұлыстың сағынып күтетін ортақ мерекесіне айналып, жаңа мазмұнмен, жарасымды сән-салтанатымен түрлене түсуде.
Сондай-ақ бұл күні көңілінде кірбіңі барлар татуласады, адамдар бір-бірінің үйіне кіріп, құтты болсын айтады.
Наурыздың айрықша тәлім-тәрбиелік, үлгі-өнегелік, сән-салтанаттық, мәрт-жомарттық, қадір-қасиеттілік нышан белгілері мен таным ұғымдарының үлгі түрлері өте көп.
Осы Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі бүгін Мәншүк Мәметова ауылында аталып өтті. Аталмыш мерекеге біркісідей атсалысқан барлық ауыл тұрғындарына алғысымды білдіргім келеді.
«Бірлік түбі тірлік» деп қазақ халқы бекер айтпаған. Біз бәріміз өзара сыйласып, ұйымшылдық көрсетсек қана бірлікке қол жеткізуге болады. Осындай бірлік пен достықтың арқасында Мәншүк Мәметова ауылында Наурыз мейрамы жоғарғы деңгейде өткеніне сенімім мол. Ауылдың жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Жақсылық Құланұлы бастаған, ұйымшыл ұстаздары қостаған ұжымға, “Әдемау” бөбекжайының басшысы Анар Билялқызы, тәлімді тәрбиешілерімен қызметкерлеріне, ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі Айгүл Әміржанқызына сондай ақ “Маншук -АЭ” жауапты шектеулі серіктестігінің басшысы Тимур Амангелдіұлы, Ғалым Жақсылықұлына және Қосшы қаласының депутаты Ирина Серікбаевнаға, “BI Group” холдингі директорлар кеңесінің мүшесі Бауыржан Әбдірашитұлына, ауылымыздың ақсақалдар кеңесінің төрағасы Рашид Төлеубайұлы, мектебіміздің жанынан ашылған “Аналар кеңесіне”, ауылымыздың ақсақалдарымен жергілікті қоғамдастық мүшелеріне, белсенді жастарына ерекше алғысымды білдіремін. Бізге демеу беріп, өз қолдауларын білдірген, көмегін көрсетіп осы бір айтулы мерекенің осындай деңгейде өтуіне бірден бір себепкер ол біздің демеушілер. Үлкендердің батасымен басталған бұл мерекемен барша ауыл тұрғындарын тағы бір мәрте құттықтағым келеді.Жыл өткен сайын Наурыз мейрамы елімізді мекендеген бүкіл халықтың, ұлт пен ұлыстың сағынып күтетін ортақ мерекесіне айналып, жаңа мазмұнмен, жарасымды сән-салтанатымен түрлене түсуде.