Каражар ауылында газдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде!
Ауылымызды көгілдір отынмен қамтамасыз ету мақсатында жұмыстар жалғасуда. Қазіргі таңда Исатай Тайман көшесіндегі жұмыстар толық аяқталып, Жәнібек хан көшесінде жұмыстар атқарылып жатыр.
Газдандыру жұмыстары 1-шағын ауданнан басталды.
Бұл — тұрғындар үшін үлкен мүмкіндік:
Үйді жылыту шығыны азаяды;
Экологияға зияны аз;
Ыңғайлы әрі қауіпсіз.
Бірге ауылымыздың жарқын болашағын құрайық! 🌿