"Игілік" және "Ауыл аманаты" бағдарламалары

"Игілік" және "Ауыл аманаты" бағдарламалары

2026 жылдың ақпан айында Қараөткел ауылының тұрғындары мен шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлерге «Игілік» және «Ауыл аманаты» бағдарламаларын таныстыру бойынша кездесулер өткізілді.

«Игілік» бағдарламасы:

  • Мақсаты: Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту.
  • Мөлшерлеме: Жылдық 6%.
  • Мерзімі: 7–10 жыл.
  • Жеңілдік кезеңі: 2 жылға дейін.

 «Ауыл аманаты» бағдарламасы:

Мақсаты: жеке қосалқы шаруашылықтарды қолдау, мал шаруашылығын, өсімдік шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру.

  • Сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 2,5% - дан аспайды.
  • Несиелеу мерзімі: 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін — 7 жылға дейін.
  • Жеңілдікті кезең: негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең қарастырылған (қарыз мерзімінің 1/3 дейін).

Қаражатты пайдалану бағыттары:

  1. Мал шаруашылығын дамыту (мал, құс сатып алу).
  2. Өсімдік шаруашылығы (жылыжайлар, бақтар).
  3. Ауыл шаруашылығы кооперативтерін (техника, жабдық) құру және жарақтандыру.
  4. Ауылдағы жеке кәсіпкерлік (өнімді, қызметті қайта өңдеу).