Egov Mobile мобильдік қосымшасындағы "Цифрлық құжаттар"

Egov Mobile мобильдік қосымшасындағы "Цифрлық құжаттар"

 «Цифрлық құжаттар»  азаматтарға құжаттарды (жеке куәлік, туу туралы куәлік және т.б.) мобильді қосымша арқылы, электрондық форматта қарауға, сондай-ақ оның дұрыстығын тексеруге мүмкіндік береді.

Анықтама үшін: жеке куәлік, неке қию туралы куәлік, баланың туу туралы куәлігі, аты-жөнін ауыстыру туралы куәлігі, некені бұзу туралы куәлігі, электронды техникалық паспорт, жүргізу куәлігі, Covid-19 тестілудің ПТР нәтижесі, білімі туралы диплом, студенттік билет, зейнеткер куәлігі, қандас куәлігі, SocId бірыңғай әлеуметтік құжаты және вакцинация паспорты.

Пойызға, Нұр-сұлтан және Алматы қалалары бойынша ұшақтарға отырғызу кезінде цифрлық жеке куәлікті пайдалану бойынша пилоттық жоба іске қосылды, сондай-ақ нотариустарда азаматтар қағаз құжаттардың орнына цифрлық құжаттарды ұсына алады.