Бейнеконференция

Бейнеконференция

Ағымдағы жылдың 18 наурызында Ақмола облысы прокуратурасы өкілінің, сондай-ақ облыс аудандары мен қалаларының сәулет және қала құрылысы бөлімдері басшыларының қатысуымен бейнеконференция өтті.

Конференцияда сәулет және қала құрылысы саласындағы қолданыстағы заңнаманы сақтау, елді мекендер аумағындағы қала құрылысындағы өзгерістер және объектілер құрылысы туралы халықты ақпараттандыру мәселелері қаралды.

Сондай-ақ, сәулет және қала құрылысы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарды әзірленіп жатқан қала құрылысы жобаларының сапасын қамтамасыз ету туралы мәселе көтерілді.

Кеңес соңында басқарма басшысы тапсырмалар берді.