Электр энергетикасы саласы

Электр энергетикасы саласы

Электр энергетикасы саласының басты мiндетi  — тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз ету үшiн электр энергиясын өндiру, тарату және жабдықтау болып табылады. Электр энергиясы нарығының моделiн жетiлдiру бойынша жұмыстар аясында 2014 жылғы маусым айында «2030 жылға дейiн Қазақстан Республикасының отын-энергетика кешенiн дамыту тұжырымдамасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы қабылданған болатын.

Бұл сала елдiң әлеуметтiк және эконономикалық дамуының маңызды бөлiгi, себебi электр энергияның басқа тасымалдаушыларынан өзгеше бiрқатар ерекшелiктерi бар екендiгi белгiлi. Мәселен, электр энергиясын үлкен қашықтыққа таратуы, тұтынушыларды электр энергиямен жабдықтауы және энергияның басқа (механикалық, жылулық, химиялық, жарықтық және т.б.) түрлерiне оңай ауысу қасиетi. Электр энергияның басты бiр ерекшелiгi, ол — оны бiр уақытта өндiрiп, сол уақытта тұтынуға болатындығы.

Отандық электр энергетика кешенiн тұрақты түрде дамыту және қуаттылықты өсiру, халықтың, сол сияқты бизнестiң де iшкi қажеттiлiктерiн қанағаттандыру, сондай-ақ ел экономикасын одан әрi дамыту электр энергетикасымен тығыз байланысты. Осы саланың жай-күйiне жасалған талдауларға көз салатын болсақ, электр энергетикасының әлеуетiн барынша көптеп пайдалану қажет екенiн. Сонымен қатар электр станциялары мен желiлерi жабдықтарының тозуын азайту мәселелерiн шешу, саланың инвестициялық тартымдылығын жоғарылату қажеттiгiн көрсеттi. Қазiргi уақытта көмiрдi пайдаланып, электр энергиясын өндiру 69 % құрайды, ал газдың үлесi 20 % және мазуттың үлесi — 2 % жылу электр орталықтары (ЖЭО) пайдаланады, гидроэнергетика — 9% энергия өндiрсе, жаңармалы энергия көздерiнiң үлесi — небары 1% құрайды. Бүгiнгi күнi елдегi электр энергиясын әртүрлi меншiк нысанындағы жетпiстен аса электр станциясы жүзеге асырады. Электр станциялардың жалпы белгiленген қуаттылығы 20 844 МВт, қолда бар қуаттылық шамамен 16 945 МВт. Мынадай iрi жылу электр станцияларын атап өткен дұрыс:

- «Екiбастұз ГРЭС-1» ЖШС;

- «Екiбастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ;

- «Еуроазиялық Энергетикалық Корпорация» АҚ (Ақсу ГРЭС);

- «Қазақмыс корпорациясы» ГРЭС ЖШС;

- «Жамбыл ГРЭС» АҚ.

Қазақстанда кернеуi 0,4-220 кВ электр желiлерi бойынша электр энергиясын таратумен 20-дан аса өңiрлiк энергетикалық компания және 100-ден аса басқа да шағын энергия таратушы ұйымдар айналысады. Осы орайда шағын энергия берушi ұйымдардың үлкен бiр бөлiгi өз қызметiн мемлекеттiк реттеусiз атқаратынын атапт өткен жөн.