Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай ауылдық округ әкімдерімен кеңес өткізді. Оның шеңберінде елді мекендердің тыныс-тіршілігінің өзекті мәселелері қаралды.
Ауылдық аумақтарды абаттандыру, рейдтік іс-шаралар өткізу, мал жаюды ұйымдастыру және үшжақты шарттар жасасу мәселелеріне басты назар аударылды. Автомобиль жолдарын төгу және жөндеу, көше инфрақұрылымын, оның ішінде жол белгілерін, көрсеткіштерді және кіру стелаларын ретке келтіру жөніндегі шаралар талқыланды.
Күн тәртібіндегі жекелеген тармақ ауылдық округтердегі өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау болды. Тұрғындармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыру, сондай-ақ өрттің алдын алу мақсатында елді мекендерді, тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарын және іргелес орман алқаптарын жырту тапсырылды.
Аудан әкімі ауыл тұрғындарының қауіпсіздігі мен жайлы өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін үйлестірілген іс-қимылдардың және қойылған міндеттерді уақытылы орындаудың маңыздылығын атап өтті.
Кеңес қорытындысы бойынша көктемгі дала жұмыстарының барысын күнделікті бақылауды қамтамасыз ету тапсырылды.