Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай «Аманат» партиясы аудандық филиалының қоғамдық қабылдауында азаматтарды жеке қабылдады.
Кездесу барысында аудан тұрғындары мал шаруашылығын дамытуға несие алуға, жеңілдетілген қаржыландыруды ұсынуға, сондай-ақ тұрғын үймен қамтамасыз етуге қатысты бірқатар өзекті мәселелермен жүгінді.
Барлық өтініштер бойынша тиісті түсініктемелер берілді.