Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай қызмет пен бөлімше басшыларының қатысуымен кезекті аппараттық кеңес өткізді.
Аппараттық кеңес басталар алдында аудан әкімі ауылдық округтердің жаңа әкімдерін таныстырды. Азамат Үйсембаев Васильевское ауылдық округінің әкімі, ал Нұрлан Қасымов Лесной ауылдық округінің әкімі болып сайланды. Серік Құдабай жаңа әкімдерді құттықтап, олардың жемісті жұмысына үміт білдірді.
Күн тәртібінде 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымының қорытындылары және 2025-2026 жылдардағы алдағы жылыту кезеңіне дайындық шаралары талқыланды. Ауылшаруашылық санағына дайындық мәселесі де қарастырылды.
Кеңес қорытындысы бойынша әкім елді мекендерді абаттандыру бойынша жұмыстарды жалғастыруды, аумақтардың санитарлық жағдайы бойынша рейдтер жүргізуді жандандыруды, сондай-ақ өрт қаупі жоғары жағдайларда өртке қарсы іс-шаралардың орындалуын, оның ішінде нормативтік талаптарға сәйкес минералданған жолақтарды қалыптастыруды қамтамасыз етуді тапсырды.