Максимовское ауылдық округінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті

Максимовское ауылдық округінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті

Максимовское ауылдық округінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты іс - шара өтті. «Жүректе сақталған Жеңіс» атты мерекелік іс-шара аудан тұрғындары мен қонақтарының басын қосып, ұрпаққа бейбітшілік сыйлаған батырларға тағзым етті.

Жиналғандарға Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай жылы лебізін арнады. Аудан әкімі өз сөзінде Ұлы Жеңісті еске алу тек тарих емес, Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігін қорғағандар алдындағы қасиетті адамгершілік парыз екеніне тоқталды.

Іс-шараға қатысушылар құрмет пен тағзым ретінде қаза тапқан батырларды бір минут үнсіздікпен еске алып, еліміздің бейбіт аспаны үшін жанын қиған жауынгерлер ескерткішінің түбіне гүл шоқтарын қойды.

Шара шығармашылық ұжымдар, мектеп оқушылары, еңбек ардагерлері мен жастар өкілдерінің қатысуымен мерекелік концертке ұласты. Сахнадан соғыс әндері, шын жүректен шыққан өлеңдер, алғыс және ризашылық сөздер айтылды. Мерекенің атмосферасы бірлік рухына, мақтаныш пен жеңімпаздардың ерлігіне терең құрметке толы болды.