Аудан әкімі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының егіс науқанына дайындығын бағалады

Аудан әкімі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының егіс науқанына дайындығын бағалады

Сандықтау аудан әкімі Серік Құдабай көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысына мониторинг жүргізу мақсатында Широковское және Бірлік ауылдық округтеріне жұмыс сапарымен барды.

Сапар аясында ауданның шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесулер "Широкое" ЖШС, "Кеңес" ШҚ, "Дулат" ШҚ, "СХП 1 Мамыр" ЖШС және "Сандықтау Колос" ЖШС-де өтті. Кездесу барысында аграршылардың егіс науқанын бастауға дайындығына қатысты негізгі мәселелер талқыланды.

Аудан әкімі "Широкое" ЖШС-де болып, кәсіпорынның агрономы Николай Егин істердің ағымдағы жай-күйі және ауыл шаруашылығы жұмыстарының басталуына дайындығы туралы егжей-тегжейлі хабардар етті.

Сондай-ақ Серік Құдабай "Сандықтау Колос" ЖШС және "СХП 1 Мамыр" ЖШС-де болды. Шаруа қожалықтарының басшылары ағымдағы дайындық деңгейі туралы баяндап, барлық қажетті жұмыстар кесте бойынша жүргізіліп жатқанын атап өтті.