
Жұмыс сапары аясында аудан әкімі Байдалы ауылында болып, негізгі әлеуметтік нысандардың жай-күйімен танысты. Атап айтқанда, Серік Құдабай жалпы білім беретін мектепте болып, Жеңіс саябағының аумағын аралап көрді, сонымен қатар ауылдық Мәдениет үйінде болды.
Мәдениет үйінің ғимаратын тексеру барысында күрделі кемшіліктер: төбесінен су ағатындығы және қыс мезгілінде ерекше қауіпті кіреберістің қанағаттанарлықсыз жағдайлары анықталды.Тұрғындар кіре берістегі тайғақ жерге жиі құлайтынын айтты.
Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша аудан әкімі анықталған кемшіліктерді жойып, нысанды тиісті техникалық жағдайға келтіру үшін мердігерге тез арада хабарласуды тапсырды.