Қазақстан халқының бірлігі күні – «Бірліктің жарысы» атты ауқымды спорттық мереке өтті.
Іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орайластырылып, Қазақстан триатлон федерациясының қолдауымен болды.
«Бірліктің жарысы» біздің көпұлтты халқымыздың достығының, келісімі мен рухының нағыз символына айналды. Қатысушылар ортақ идея - өзара түсіністікті, бейбітшілікті және салауатты өмір салтын ұстануды нығайту үшін бірігіп, қашықтықты мақтанышпен еңсерді.
Жарыс жүлдегерлері салтанатты түрде медальдармен және алғыс хаттармен марапатталды. Бұл жеңіске деген ұмтылысы мен спорттық табандылығы үшін лайықты марапат.