Сандықтау ауданының кадр комиссиясы Сандықтау ауданы кадр резервіне іріктеудің басталғанын хабарлайды

Сандықтау ауданының кадр комиссиясы Сандықтау ауданы кадр резервіне іріктеудің басталғанын хабарлайды

        Сандықтау ауданы кадр резервіне алынатын кандидаттарға келесі талаптар қойылады:

  • Қазақстан Республикасының азаматтығы;
  • құжаттарды тапсыру сәтінде жасы алпыс жастан аспаған;
  • жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімінің болуы;
  • басшысылық лауазымына үш жылдан кем емес еңбек өтілінің болуы.

Іріктеу келесі салалық бағыттар бойынша жүргізіледі:

1) индустрия және өнеркәсіп;

2) экономика және қаржы;

3) әлеуметтік сала;

4) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым;

5) агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары;

6) цифрландыру.

 

             Құжаттарды қабылдау Сандықтау ауданы әкімінің персоналды басқарудың бірыңғай қызметі 2025 жылғы 02-30 мамыр аралығында (қоса алғанда) жүзеге асырылады. 

             Іріктеуге қатысу үшін құжаттар тізімі туралы ақпаратты және басқа мәліметтерді 8 (71640) 9-17-34, 9-14-41 телефондары арқылы алуға болады.