Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай орман мекемелерінің басшыларымен, аудандық қызмет өкілдерімен және ауылдық округ әкімдерімен кеңес өткізді.
Кездесу барысында алдағы өрт қауіпті кезеңнің өзекті мәселелері, ауданға инвестициялар тарту, сондай-ақ көктемгі дала жұмыстарының басталуы қаралды. Ішкі туризмді дамыту перспективаларына, атап айтқанда, аумағында туристік әлеуеті жоғары көркем көлдер орналасқан Жамбыл және Ақсоран ауылдық округтеріне ерекше назар аударылды.
Кеңес қорытындысы бойынша аталған бағыттардың әрқайсысы бойынша нақты тапсырмалар берілді, жауапты құрылымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары арасындағы өзара іс-қимылды күшейту жөніндегі шаралар белгіленді.