Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлеріне құрмет көрсету

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлеріне құрмет көрсету

Бүгін, 16 сәуірде Жұмысшы мамандықтар жылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Аудан әкімі Серік Құдабай құттықтау сөз сөйледі. Ол ТКШ саласының қызметкерлеріне жанқиярлық еңбектерлері үшін шын жүректен алғысын білдіріп, халықтың өмір сүру сапасы олардың күш-жігеріне байланысты екенін атап өтті.

— Сіздердің еңбекктеріңіз тек кәсіби білімді ғана емес, үлкен жауапкершілікті де талап етеді, - деп атап өтті әкім. — Сіздердің жұмыстарыңыздың арқасында жайлылық пен тәртіп қалыптасады, ал адамдар күнделікті өмірде қамқорлық пен қолдауды сезінеді.

Іс-шара аясында бірқатар қызметкерлер адал еңбектері мен мамандыққа адалдықтары үшін алғыс хаттармен марапатталды.

Мереке қонақтарға жарқын эмоциялар мен мерекелік көңіл-күй сыйлаған, ауданның шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарламамен жалғасты.