
Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай аудан аумағында орман шаруашылығымен айналысатын коммуналдық мемлекеттік мекемелердің басшыларымен кездесу өткізді. Кездесуге «Больше-Тюктинское орман шаруашылығы мекемесі» КММ басшысы Әсет Сәдуақасов, «Сандықтау орман шаруашылығы мекемесі» КММ басшысы Серік Ғалиев қатысты.
Кездесу барысында өрт қауіпті маусымға дайындықты қамтамасыз етудің өзекті мәселелері, сондай-ақ орман шаруашылығының ауданның дамуына қатысуы талқыланды. Табиғатты қорғау қызметі, тұрақты орман пайдалану, абаттандыру және аудандағы экологиялық жағдайды жақсарту саласындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне басты назар аударылды.
Тараптар серіктестік қатынастарды нығайтуға өзара қызығушылық білдіріп, одан әрі ынтымақтастықтың ықтимал жолдарын белгіледі.