
Көктемнің тамаша мерекесі- Наурыз мейрамына орай Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай Лесной ауылының қарт тұрғындарының бірі, Ұлы Отан соғысы ардагері, тыл еңбеккері, еңбек ардагері Анна Федотовна Иванованы құттықтады.
Ауданның қалыптасуы мен дамуының ажырамас бөлігіне айналған көп жылғы ерен еңбегі үшін аудан әкімі шексіз алғысын білдірді. Әңгіме барысында Анна Федотовна өзінің еңбек жолы қалай басталғанын айтып, естеліктерімен бөлісті.
Анна Федотовна ерлік жұмысын 7 жасында бастады. Жазда ол мектепте оқып жүргенде шөп шабумен айналысты, ал қыста бүкіл отбасы үлкен дастархан басында дәнді дақылдарды сұрыптады. 14 жасында 4 сыныпты бітірген соң балабақшаға күтуші, кейін мектепте тазалықшы болып жұмысқа орналасып, кешкісін тракторшы курстарында оқыған. 1939 жылы жастығына қарамастан, ол газ генераторлы тракторда жұмыс істеп, ерлермен бірдей жер жыртып, егін егіп, жиі жоспарды асыра орындады. 16 жасында Анна Федотовна шофер болды және өз ауылында бұл атақты алған алғашқы әйел болды.
1941 жылдың күзінде Қостанай облысындағы жүргізушілер даярлайтын курсқа жіберіледі. Әуелі бір жарым тонналық жүк көлігін тізгіндеп, тракторларға жанар-жағар май жеткізіп, кейін колхоз басшысының жүргізушісі болып, туған жердің, туған өлкенің игілігі үшін еңбек етуді жалғастырды.
Анна Федотовна – еңбек ерлігі мен адалдығы тарихта өшпес із қалдырған тұтас бір ұрпақтың қайсарлығының тірі куәгері.
Мамыр айында Анна Федотовна 102 жасқа толады.