Көкшетаудағы арнайы ХҚКО мекенжайын өзгертеді

Көкшетаудағы арнайы ХҚКО мекенжайын өзгертеді

25 наурыздан бастап Көкшетау қаласының мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы №1 ХҚКО ғимаратындағы М. Әуезов көшесі, 189А мекенжайы бойынша азаматтарды қабылдайды.

Алайда, автодром бұрынғы орнында – Уәлиханов көшесі, 1/3 бойынша жұмысын жалғастырады.

Арнайы ХҚКО жұмыс кестесі өзгеріссіз қалады: дүйсенбіден жұмаға дейін 9:00 – ден 20:00-ге дейін түскі үзіліссіз, сенбіде-9:00-ден 13:00-ге дейін.

Айта кетейік, жыл басынан бері Көкшетау қаласының арнайы ХҚКО 12 000 – нан астам мемлекеттік қызмет көрсетті, оның 10 458 – көлікті тіркеу бойынша, 2 297-сі жүргізуші куәлігін беру бойынша.