Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай тыл еңбеккері, еңбек ардагері Сансызбай Хасенұлының 90 жылдық мерейтойымен құттықтады. Ол еңбек ардагеріне ауданның дамуына қосқан баға жетпес үлесі үшін алғыс айтып, өмір жолы үшін терең құрмет білдірді.
«Сіздің еңбегіңіз – өскелең ұрпақ үшін лайықты ерлік. Сіздің бүкіл өміріңіз - қажырлы еңбектің, адалдық пен туған жерге деген шынайы сүйіспеншіліктің жарқын үлгісі. «Сіздер туған ауылыңыздың өсіп-өркендеуіне куә болып қана қоймай, көп жылғы еңбектеріңізбен оның көркеюіне зор үлес қостыңыздар», - деді аудан әкімі.