«Қыс – 2022» Республикалық командалық - штабтық оқу-жаттығуы Сандықтау ауданы Балкашино ауылында өтті

«Қыс – 2022» Республикалық командалық - штабтық оқу-жаттығуы Сандықтау ауданы Балкашино ауылында өтті

Бүгін, 2022 жылғы 25 қарашада Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Омаров азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерінің қысқы кезең жағдайындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимылдарға дайындығымен танысты.

Тренингтің мақсаты: қысқы кезеңде төтенше жағдайлардың алдын алу, азаматтық қорғау жүйесінің басқару органдары мен күштерінің дайындығын тексеру.

Іс-шара барысында өрт сөндіру қызметі мен жедел жәрдемнің арнайы көліктерін қоса алғанда, жабдықтарды тексеру жұмыстары жүргізілді.