Бүгін Қазақстан журналистері өздерінің кәсіби мерекесін - Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнін тойлайды.
Осыған байланысты, Сандықтау ауданының әкімі Ербол Жүсіпбеков аудандық газет қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтау үшін кездесті. Қызметкерлерге баспа басылымының дамуына өлшеусіз үлес қосқаны үшін шын жүректен алғыс айтып, одан әрі даму мен өркендеу тіледі.