ҚСЗИ директорының орынбасары: Референдум мемлекет үшін де, халық үшін де маңызды процесс.

ҚСЗИ директорының орынбасары: Референдум мемлекет үшін де, халық үшін де маңызды процесс.

Сайлау да, референдум да, екеуі ұқсас процес. Яғни, халық қатысады, дауыс береді. ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директорының орынбасары Алуа Жолдыбалина Орталық комммуникациялар қызметінде өткен брифингте екеуінің арасындағы айырмашылықты түсіндіріп өтті. «Референдумда кез келген мәселе күн тәртібіне шығарыла бермейді. Ең жиі қаралатын мәселе - Конституцияға енгізілетін өзгеріс. Екіншісі, Президенттің өкілеттігін ұзартуға байланысты референдум. Үшіншісі, тәуелсіздікке қатысты. Мысалы, мемлекет бір одаққа мүше болғанда, немесе мүшеліктен шыққанда референдум өткізіледі. Яғни осындай ел үшін де, халық үшін де тарихи маңызды мәселелер көп жағдайда референдумға шығарылады. Ал сайлауда халық кандидатқа, партияға немесе президентке үміткерге дауыс береді», - деді спикер. https://ortcom.kz/kk/novosti/1653459991