АППАРАТТЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ

АППАРАТТЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ

Бүгін аудан әкімі Ербол Жүсіпбековтің төрағалығымен аппараттық кеңес өтті.

Республикалық референдумға дайындық пен оны өткізу туралы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Светлана Назарович мәлімдеді.

Өңір басшысы барлық ауылдық округ әкімдеріне ағымдағы жылдың 18 мамырына дейін учаскелік сайлау комиссияларының үй-жайларын қажетті ұйымдастыру техникасымен, мемлекеттік рәміздермен жабдықтауды қамтамасыз етуді тапсырды.

Бұдан әрі, ауданда көктемгі егіс жұмыстарын дайындау және жүргізу мәселесі бойынша ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Гүлнар Қабденова сөз сөйледі. Ербол Жүсіпбеков облыстың тұқым шаруашылығының аттестатталған субъектілерінен сорт жаңарту мен сорт ауыстыруды жүргізу және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету үшін жоғары репродукциялы тұқымдардың толық іріктелуін бақылауға алу қажеттігін атап өтті.

Кеңес жұмысын қорытындылай келе, жауапты қызметкерлерге хаттамалық тапсырмалар және олардың мерзімінде орындалуы туралы нұсқаулар берілді.