"ҚАЙҒЫЛЫ ҚАҢТАР" САБАҚТАРЫ: ҚОҒАМ БІРЛІГІ-ТӘУЕЛСІЗДІК КЕПІЛІ

"ҚАЙҒЫЛЫ ҚАҢТАР" САБАҚТАРЫ: ҚОҒАМ БІРЛІГІ-ТӘУЕЛСІЗДІК КЕПІЛІ

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Сәуле Жайылғанованың төрағалығымен Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзін талқылау бойынша қоғамдық пікір көшбасшыларымен, ардагерлер кеңесінің өкілдерімен, жастармен кездесу өтті.

Ашық диалогта халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыруға, экономиканың өсуін сақтауға және пандемияға қарсы тұруға, террористер мен тонаушылардың келтірген орасан зор залалын қалпына келтіруге, елді ауқымды дағдарыстан шығаруға бағытталған маңызды құжаттың негізгі сәттері, сондай-ақ ауданның әлеуметтік-экономикалық даму перспективалары талқыланды.

Отырысты қорытындылай келе, Сәуле Жайылғанова аудан әкімі Ербол Жүсіпбековтің атынан жерлестеріне азаматтық ұстанымы мен саналылығы, тұрақтылық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, Заңға және бүкіл елге адалдығы үшін алғыс білдірді.