ХАБАРЛАМА

ХАБАРЛАМА

Ақмола облысы Сандықтау ауданының әкімдігі 2022 жылдың 13 қаңтарына тағайындалған шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 10 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың қорытындыларын шығару белгіленген күні Жер комиссиясы төрағасының, Сандықтау ауданы әкімінің орынбасарының науқастануына байланысты болмауына байланысты ауыстырылатынын хабарлайды.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау және тіркеу тоқтатылды. 2022 жылғы 13 қаңтарға келіп түскен барлық өтінімдер кейіннен қорытынды шығару кезінде қаралатын болады. Конкурс қорытындыларын шығару күні, орны және уақыты туралы барлық қатысушыларға қосымша хабарланатын болады.