Аппараттық кеңес

Аппараттық кеңес

2022 жылдың 11 қаңтарында Сандықтау ауданының әкімі Ербол Жүсіпбеков аудандық мәслихат хатшысының, "Нұр Отан" партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасарының, әкім орынбасарларының және аудан активінің қатысуымен аппараттық кеңес өткізді.

Экономика және қаржы бөлімінің басшысы Дина Нұрмақова 2021 жылғы бюджеттің орындалу қорытындылары туралы ақпарат берді. Сондай-ақ, аудандық бюджетті атқару бойынша өңір облыстық рейтингтік көрсеткіште төртінші орында екенін атап өтті. 

Кеңес барысында өңір басшысы мемлекеттік органдарға өз қызметін жылдық жұмыс жоспарларына сәйкес жүзеге асыру қажеттігі туралы тапсырма берді.

Сондай-ақ, Ербол Жүсіпбеков енгізілген төтенше жағдай кезеңінде шектеу шараларының сақталуын бақылауды күшейту туралы бірқатар маңызды ағымдағы мәселелерді көтерді.  

Барлық қаралған мәселелер бойынша аудан әкімі тапсырмалар берді.