Құрметті жерлестер!

Құрметті жерлестер!

Өкінішке орай, еліміздің бірқатар өңірлерінде жаппай тәртіпсіздіктерді радикалды жақтаушылар ұйымдастырған рұқсат етілмеген митингілер өтті, олар азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірді, көптеген қалаларда деструктивті күштердің үндеулерін әлі де көріп жүрміз.
Сандықтау ауданының әкімі ретінде Сіздерге сөз арнап, заңсыз митингілер мен жиналыстарға шығуға шақыратын адамдардың арандатушылықтарына бой алдырмауларыңызды сұраймын, сондай-ақ келеңсіз салдардың алдын алуды ескертемін.
Өздеріңізге белгілі, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елімізде 2022 жылғы 5 қаңтарда сағат 23:00-ден 2022 жылғы 19 қаңтарда сағат 00:00-ге дейін төтенше жағдай режимі енгізілген болатын.

Барлық азаматтарды енгізілген шектеу шараларына түсіністікпен қарап, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының талаптарын мүлтіксіз орындауға шақырамын. Қауіпсіздік мақсатында мектеп оқушыларының демалысы 17 қаңтарға дейін, колледждер мен университет студенттерінің демалысы 24 қаңтарға дейін ұзартылды. Қабылданған шаралар көпұлтты Қазақстанның игілігіне бағытталған.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында барша азаматтарды сабырлы болуға және тұрақтылық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін бар күш-жігерін салуға, заң мен елімізге адал болуға шақырды.
Қазір барлық аймақтарда тәртіп орнады.
Біз үшін қиын күндерде көрсеткен азаматтық сана-сезіміңіз бен ұстанымыңыз үшін барша жерлестеріме алғыс айтамын.

 

Құрметті Сандықтаулықтар!
Еліміздің тұтастығын қамтамасыз ету үшін бәрімізге ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың айналасына топтасу керек.
#КүшімізБірлікте

Құрметпен, Сандықтау ауданының әкімі Е.К.Жүсіпбеков