Полиция бөлімінің жаңа басшысы тағайындалды

Полиция бөлімінің жаңа басшысы тағайындалды

30 желтоқсанда Сандықтау ауданының әкімі Ербол Жүсіпбековтің қатысуымен Ақмола облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Арманбек Баймурзин жұмыс сапарымен Сандықтау ауданына келіп, аудандық полиция бөлімінің жеке құрамына жаңа бастық-полиция полковнигі Сәкен Әбілмәжіновты таныстырды.

Сәкен Кәрімұлы Ішкі істер органдарында 2000 жылдан бастап, 20 жылдан астам түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2018 жылдан бастап Степногорск қ.УП бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарды.