В рамках концепции "Слышащее государство"

В рамках концепции "Слышащее государство"

Қазақстан Республикасы Президентінің "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы аясында аудан әкімі Ербол Жүсіпбековтің төрағалығымен Бірлік ауылдық округінде азаматтарды қабылдау өтті.

Округ тұрғындарымен жолдардың жағдайы, интернет-байланыс, ветеринарлық қызметтің жұмысы және сумен жабдықтау туралы мәселелер көтерілді.

Кездесу қорытындысы бойынша жергілікті тұрғындардың барлық сұрақтары мен өтініштері ескеріліп, хаттама толтырылды.