Балкашин №1 жалпы білім беретін мектебінде инклюзивті білім беруді қолдау кабинетінің салтанатты ашылуы өтті

Балкашин №1 жалпы білім беретін мектебінде инклюзивті білім беруді қолдау кабинетінің салтанатты ашылуы өтті

Бүгін ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Балкашин ауылының №1 жалпы білім беретін мектебінде инклюзивті білім беруді қолдау кабинетінің салтанатты ашылуы өтті, онда аудандық мәслихаттың хатшысы Гүлнар Қадырова мен Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары Сәуле Жайылғанова құттықтау сөз сөйледі.

Кабинеттің басты мақсаты - ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды инклюзивті білім беру жағдайында білім алу құқығын жүзеге асырумен қамтамасыз ету болып табылады. Мұндай кабинеттің ашылуы-еліміздегі инклюзивті қоғамды дамыту жолындағы тағы бір қадам.

Айта кетейік, мектеп оқушылары енді жалпы білім беретін сыныптағы негізгі оқу үдерісінен қол үзбей, өз қажеттіліктеріне сәйкес көмек ала алады. Кабинет мамандары-дефектолог, логопед, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтар, педагог-ассистент, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен психологиялық-педагогикалық, түзету-дамыту жұмыстарын ұйымдастырады.