"Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы аясында

"Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы аясында

Қазақстан Республикасы Президентінің "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы аясында, бүгін Максимовка ауылдық округінде аудан әкімінің орынбасары Сәуле Жайылғанова бастаған мемлекеттік органдар, құқыққорғау органдары, коммуналды қызмет ұйымдарының басшыларының қатысуымен азаматтарды жеке қабылдау "ашық есік" күні  өтті.

Тұрғындардың көкейлерінде мазалаған сұрақтар мен туындаған мәселелерді шешу, халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, ұсыныс өтінімдерін қабылдау басты назарда.

Тұрғындардың дені аудан басшысына ағылып келсе, қаз-қатар тізіліп отырған дербес бөлім басшыларынада сұрақтар лебі орын алды. Әр келген азаматтың көкейіндегі сұрақтардың шешімі табылып, түсіндірме жұмыстары мен бірқатар мәселелерді дереу шешіп, аталмыш шара айтарлықтай халық көңілінен шықты.