Ауыл шаруашылығының қызметкерлеріне құрмет көрсету

Ауыл шаруашылығының қызметкерлеріне құрмет көрсету

            ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Сандықтау ауданының әкімі Ербол Жүсіпбеков аудан шаруаларына өңірдің ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан елеулі еңбегі мен кәсібилігі үшін алғыс айтты.

Өзінің құттықтау сөзінде өңір басшысы ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күрделі жұмыстарды атқаратынын атап өтті.

Биылғы жылы егін жинау жұмыстары оңтайлы мерзімде аяқталды, дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың жалпы түсімі 397,2 мың тоннаны құрады.  Мұндай жоғары көрсеткіштер - фермерлердің қажырлы еңбегінің нәтижесі.

Біздің өңір астық жинау бойынша көшбасшы болды және облыс бойынша кезекті рет 1-ші орынға шықты. Бүгінде аграрлық сектордың алдында инвестициялар тартумен, жаңа жұмыс орындарын құрумен, ішкі және сыртқы нарықтарда отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етумен байланысты маңызды міндеттер тұр.

Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы қызметкерлері кәсіподағы төрағасының орынбасары Тілепберген Айқенов құттықтау сөз сөйлеп, ауданның дамуына қосқан зор үлесі, жоғары кәсібилігі үшін аудан әкімі Ербол Жүсіпбековті "Елеулі еңбегі үшін"медалімен марапаттады.

Сондай-ақ, Ақмола облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы алғыс сөзін білдірді.

           Ауыл шаруашылығы, азық-түлік және қайта өңдеу өнеркәсібі, мал шаруашылығы басшылары мен еңбеккерлеріне жоғары еңбек нәтижелері үшін медальдар, алғыс хаттар, естелік сыйлықтар табыс етілді.