Қазақстан Республикасы Президентінің "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы аясында, бүгін ауылдық Лесное және Приозерное мәдениет үйінің ғимараттарында аудан әкімі Ербол Жүсіпбеков бастаған мемлекеттік органдар, құқыққорғау органдары, коммуналды қызмет ұйымдарының басшыларының қатысуымен азаматтарды жеке қабылдау "ашық есік" күні өтті.
Тұрғындардың көкейлерінде мазалаған сұрақтар мен туындаған мәселелерді шешу, халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, ұсыныс өтінімдерін қабылдау басты назарда.
Тұрғындардың дені аудан басшысына ағылып келсе, қаз-қатар тізіліп отырған дербес бөлім басшыларынада сұрақтар лебі орын алды. Әр келген азаматтың көкейіндегі сұрақтардың шешімі табылып, түсіндірме жұмыстары мен бірқатар мәселелерді дереу шешіп, аталмыш шара айтарлықтай халық көңілінен шықты.