Аудан әкімдігінде аудан әкімінің орынбасары Сәуле Жайылғанованың төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі Комиссия-бұл кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуының, құқық бұзушылықтарының және қоғамға жат іс-әрекеттерінің алдын алумен айналысатын, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган.
Істерді қарау қорытындысы бойынша Сәуле Жайылғанова жағдайды түзету үшін жауапты тұлғаларға атаулы тапсырмалар, сондай-ақ кәмелетке толмағандар мен олардың ата-аналарына қатысты профилактикалық және әкімшілік шараларды қабылдау туралы ұсынымдар берілді.