16 қазан - Дүниежүзілік нан күні!

16 қазан - Дүниежүзілік нан күні!

«Дастарханында наны жоқтың, үйінің сәні жоқ» демекші біздің халқымыз нанға ерекше құрмет көрсетіп, қиқымына дейін аяқ асты етпей, қастерлей біледі.

Сандықтау астықты ел екені белгілі. Сондықтан нан пісіру мен астық өңдеу саласын дамытудың біз үшін стратегиялық маңызы зор.

Барлық нан пісіру кәсіпорындарын бүгінгі Нан күні мерекесімен құттықтап, дәмді де тәтті әрі пайдалы нан пісіріп отырған барша наубайшыларға ерекше құрмет білдіремін.

Елімізге амандық, халқымызға тыныштық тілеймін. Лайым нан көп болып, әрдайым тоқшылық заман болсын!

Сандықтау ауданының әкімі Ербол Жүсіпбеков.